Еркектердегі артық салмақ
Артық дене салмағы мен семіздік әлемнің барлық дамыған елдерінде күрделі мәселелерге айналғаны жалпыға мәлім. Ресейде
мұндай диагнозы бар адамдардың саны — шамамен 57 %, бұл 82 миллионнан астам адам және олардың жартысынан шамалы ғана аз
саны — ер адамдар.
Бұл кезде артық салмақпен күресу негізінен әйелдердің құзырына жатады және олар өздерін жақсы күйде ұстауға көбірек мүдделі деп есептеледі. Ал ер адамдар көбінесе салмақ маңызды емес екеніне сенімді. Алайда, мұндай өзіне деген көзқарастың басты қаупі — ерлердегі артық салмақ пен ықтимал кейінгі семіздік әйелдерге қарағанда әлдеқайда ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Ерлердегі артық салмақ пен семіздіктің алдын алу және олармен күресу
1
Тамақтану
Ерлер семіздігін әйелдерге қарағанда емдеу әлдеқайда оңай, өйткені ерлер ағзасы бастапқыда май тінінің жиналуына бейім
емес, сондықтан онымен оңай ажырасады. Артық дене салмағының пайда болу себептеріне қарамастан, арықтау үшін, ең
алдымен, тамақтануды өзгерту керек. Фастфудтан, қуырылған тағамдардан және тәттілерден толығымен бас тарту оңтайлы.
Мұндай тағамның энергетикалық тығыздығы жоғары (өнімнің аз мөлшерінде көп калория бар) және ол артық тамақтануға
әкеледі. Мәзірде мынадай өнімдер болуы керек:
Май мен қант мөлшері аз өнімдер;
Тағамдық талшықтар мөлшері жоғары өнімдер (жемістер, көкөністер, тұтас дәнді нан және ботқа);
Омега-3 және Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдары.
Күніне шамамен 1,5 литр су ішу маңызды. Тұзды тұтынуды шектеу (күніне 5 г-нан артық емес, бұл 1 шай қасыққа сәйкес
келеді).
Порцияның әдеттегі мөлшерін азайту керек. Бөліп тамақтану ұсынылады — күніне 4-5 рет. Аптасына 1-2 рет жеңіл тамақ тұтынылатын күндерін ұйымдастыру пайдалы.
Порцияның әдеттегі мөлшерін азайту керек. Бөліп тамақтану ұсынылады — күніне 4-5 рет. Аптасына 1-2 рет жеңіл тамақ тұтынылатын күндерін ұйымдастыру пайдалы.
2
Қалай диетаны бұзбауға болады
Табыс кілті — біртіндеушілік және шындыққа негізделген мақсаттар. Тамақтану рационын ауыстыру кезінде ең қиын бастапқы
кезеңнен өтіп, диетаны бұзу қаупін азайту үшін кейбір жағдайларда арнайы препараттардың көмегіне жүгінуге болады. Қолдау
құралы ретінде тәбетті реттеу механизмдеріне әсер ететін заманауи құралдарды пайдалануға болады: олар аштық сезімін
жеңілдетуге, тағамның дәмдік тартымдылығын төмендетуге және анық тоқтық сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Мұндай препараттар глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) рецепторларының агонистеріне жатады және қанығу сигналдарын күшейту арқылы мидың белгілі бір аймақтарына әсер етеді. Оған қоса, перифериялық рецепторларға әсер ету инсулин деңгейін реттеуді жақсартуға, қабыну процестерін төмендетуге және артериялық қысымды қалпына келтіруге ықпал етуі мүмкін.
Диеталық тамақтануға бейімделу барысында мұндай қолдаудың қажеттілігі азаяды және препараттар бұрынғы тамақтану әдеттеріне оралудың айқын қаупінсіз біртіндеп жойылуы мүмкін.

3
Ал спорт ше?
Тамақтану тәртібін өзгерту тек тұрақты физикалық жүктемелермен үйлесімде нәтижеге келтіре алатынын түсіну керек. Артық
салмақпен күресуде аэробты жүктемелер ең тиімді. Жүруден бастау қажет. Бұл физикалық белсенділіктің ең қолжетімді әрі
тиімді түрі. Тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін шаршағанға дейін күніне кемінде 40 минут жылдам қадамдап үнемі жүру
керек. Уақыт өте жүктемелерді арттыру керек. Кез келген қосымша физикалық жаттығулар да пайдалы болады.
Дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділікті қалыпты ұйқы режимімен және күйзеліспен күресудің ұтымды әдістерімен (ашық ауада серуендеу, оқу, сериалдар көру және т.б.) үйлестіру маңызды.
Дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділікті қалыпты ұйқы режимімен және күйзеліспен күресудің ұтымды әдістерімен (ашық ауада серуендеу, оқу, сериалдар көру және т.б.) үйлестіру маңызды.
Семіздікті жіберіп алмау жолы
Семіздікті анықтау өте оңай. Бұл үшін бел шеңберін өлшеу жеткілікті. Әдетте, ерлерде бел шеңбері 94 см-ден аспауы тиіс,
егер одан асса — дабыл қағатын кез келді.
Дене салмағының нормадан қаншалықты ерекшеленетінін дәлірек анықтау үшін ДДҰ қабылдаған дене салмағының индексі (ДСИ) бойынша жіктелуі бар. Ол келесі формула бойынша есептеледі: ДСИ = салмақ (кг): бойы (м2).
Алайда, кейбір жағдайларда бұл есептеулер нәтиже бермейді. Мысалы, бұлшықеттері жақсы дамыған спортшыда семіздіктің 1-деңгейіне тең ДСИ болуы мүмкін, дегенмен оның ешқандай артық салмағы жоқ екені анық. Керісінше, бұлшықет массасының жетіспеушілігі жағдайында майдың жоғары пайызы жалпы қалыпты салмақпен ілесуі мүмкін.
Дене салмағын бақылаудың бұдан да дәл әдісі — биоимпеданс талдауы. Биоимпеданс әдісі — адам ағзасындағы тіндердің электр өткізгіштігін аппараттық өлшеу. Көзбен қарағанда бұл диагностика ЭКГ-ны түсіруге ұқсас. Мұндай тексеруден фитнес орталығында емес, медициналық мекемеде өту жақсы. Әрине, «ақылды таразы» биоимпенданттық талдауды алмастырмайды, өйткені олардың қателік дәрежесі өте үлкен. Зерттеу нәтижесінде дәрігер дене құрамы, алмасу процестердің жылдамдығы және әр көрсеткіш үшін жеке нормалар туралы ақпарат алады.

Семіздік түрлері
Ағзадағы майдың таралуы біркелкі емес. 1947 жылы ғалымдар семіздіктің екі түрін сипаттады:
- Андроидты немесе абдоминальды (май қыртыстары іш аймағында басым, «алма» типті, көбінесе ер адамдарда байқалады).
- Гиноидты (май қыртыстарының жамбас пен бөксе тұсында басым болуымен, «алмұрт» типті, әйелдерде жиі байқалады).
Ерлерде артық салмақ қосудың негізгі себептері
Артық салмақ бірден пайда болмай, жылдар бойы қалыптасатыны анық. Артық майдың жиналуы, әдетте, бір емес, бірден бірнеше
себептерге байланысты:
- Дұрыс тамақтанбау. Майлы және жоғары калориялы тамақты шамадан тыс тұтыну — ағзаға жұмсалғаннан көп калория түседі;
- Күйзелістің жоғары деңгейі, тәуліктік ырғақтардың бұзылуы (ұйқысыздық, түнгі жұмыс);
- Тамақтану тәртібінің бұзылуы. Ол әдетте «қуаныш гормоны» деп аталатын серотонин нейромедиаторының жетіспеушілігімен сипатталады. Серотонин тамақтану процесі кезінде және қаныққаннан кейін эмоциялық ләззат алуды қалыптастыруға қатысады. «Күйзелісті тамақ ішіп шешу» өрнегі мазасыздық пен тағамды шамадан тыс тұтыну тәуелділігін көрсетеді;
- Жүріс-тұрысы аз өмір салты;
- Семіздікке туа біткен бейімділік (генетикалық талдау арқылы анықталады);
- Гормондық бұзылулар және эндокриндік патологиялар (мысалы, инсулинге төзімділік, гипотиреоз, Кушинг синдромы);
- Артық салмақтың өсуіне ықпал ететін дәрілік препараттарды қабылдау (гормондар, анаболиктер, кейбір антидепрессанттар және нейролептиктер).
Артық салмақ пен семіздік кезіндегі асқынулар
Еркектерде абдоминальды семіздік түрі басым болады және көбінесе ол висцеральды семіздікпен ілеседі, онда май ішкі
мүшелердің айналасында жиналып, оларды қысып, қалыпты жұмысын бұзады. Май бауыр мен ұйқы безі жасушаларының ішінде де
қалыптасуы мүмкін. Семіздіктің андроидтық түрінің мұндай ерекшеліктері көптеген патологиялардың даму қаупін еселеп
арттырады. Сонымен қатар, кез келген семіздік ағзадағы алмасу процестерінің бұзылуына және метаболикалық синдромның
дамуына әкеледі. Оның негізгі белгілері — висцеральды семіздік, артериялық гипертензия және көмірсулар мен липидтер
алмасуының бұзылуы. Метаболикалық синдром әртүрлі аурулардың бүкіл спектрін тудыруы мүмкін:
Жеке мәселе етіп артық салмақ болған кезде ерлер ағзасындағы гормондық өзгерістерді бөліп көрсету қажет. Көптеген зерттеулер артық дене салмағы көбінесе ең маңызды жыныстық гормонның — тестостеронның жетіспеушілігімен жиі ілесетінін дәлелдеді. Салмақтың жоғарылауымен бұл андрогендік гормонның біртіндеп төмендеуі байқалады, бұл ерлер денсаулығының бұзылуының бүкіл спектріне әкеледі:
Жасөспірім балалардың салмағын бақылау өте маңызды, өйткені май тіні ұлдардың жыныстық жетілуіне қажетті тестостерон деңгейіне әсер етеді.
- Жүрек-тамыр жүйесінің (инфаркт, инсульт, гипертония, атеросклероз);
- Тыныс алу жүйесінің (ентігу, ұйқы кезінде тыныс алуды тоқтату синдромы — апноэ, бронхит, пневмония);
- Ас қорыту мүшелерінің (өт тас ауруы, панкреатит);
- Эндокриндік жүйенің (қант диабеті);
- Тірек-қимыл аппаратының (остеоартрит, остеохондроз);
- Майлы гепатоз (немесе бауырдың алкогольдік емес майлы ауруы — БАЕМА). Метаболикалық синдромы бар ер адамдарда майлы гепатоздың даму қаупі анықталды, емделмеген жағдайда ол бауыр циррозына үдейеді.
Жеке мәселе етіп артық салмақ болған кезде ерлер ағзасындағы гормондық өзгерістерді бөліп көрсету қажет. Көптеген зерттеулер артық дене салмағы көбінесе ең маңызды жыныстық гормонның — тестостеронның жетіспеушілігімен жиі ілесетінін дәлелдеді. Салмақтың жоғарылауымен бұл андрогендік гормонның біртіндеп төмендеуі байқалады, бұл ерлер денсаулығының бұзылуының бүкіл спектріне әкеледі:
- Жыныстық құмарлықтың төмендеуі;
- Эректильді дисфункция;
- Шәует сапасы мен мөлшерінің азаюы;
- Бұлшықет массасының жоғалуы;
- Сүйек тінінің жұқаруы;
- Ұйқының бұзылуы;
- Психологиялық тұрақсыздық;
- Есте сақтау қабілетінің, зейінді шоғырландыру қабілетінің нашарлауы.
Жасөспірім балалардың салмағын бақылау өте маңызды, өйткені май тіні ұлдардың жыныстық жетілуіне қажетті тестостерон деңгейіне әсер етеді.
Қорытынды
Артық салмақпен күресудің және семіздікті емдеудің әмбебап әдісі жоқ. Арықтаудың сәтті жолы әрқашан жеке шаралар
жиынтығы болып келеді. Дегенмен, барлық жағдайларда салмақ жоғалту және нәтижелерді сақтау екі негізгі шартты ұзақ
мерзімді орындау арқылы мүмкін болады деп айтуға болады: төмен калориялы тамақтану және физикалық белсенділік.
Салмақты жоғалту туралы қосымша мақалаларды оқыңыз